Желі ішінде

activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар 0 теңге

Басқаларға байланыс

Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларға 250 минут

Мобильді интернет

35ГБ интернет (15ГБ күндіз және 20ГБ түнде)

SMS хабарламалар

Желі ішінде – 1000 SMS

Абоненттік төлем: 2490 тенге ай сайын.

Қосылу үшін оператормен байланысыңыз

(Жұмыс уақыты 10 00 -ден 22 00-ге дейін)
(Жұмыс уақыты 10 00 -ден 22 00-ге дейін)
(Жұмыс уақыты 10 00 -ден 22 00-ге дейін)
(Жұмыс уақыты 10 00 -ден 22 00-ге дейін)

Whatsapp программасы арқылы

(Жұмыс уақыты 10 00 -ден 00 00-ге дейін)

Оператормен байланысқаннан кейін , таңдаған тарифтік жоспарыңызды немесе сол тарифтің абоненттік төлемін айтасыз

Оператор сізге таңдаған тарифтік жоспарыңызбен байланысқан төрт санды қысқа нөмір береді

Оператормен байланысты үзген соң , берілген қысқа нөмірге қоңырау шалып,  тарифті қосып жатқаныңызды растауыңыз қажет.(қысқа нөмірге қоңырау шалу тегін)

Тарифтік жоспарды растау үшін алдымен өзіңізге қажетті тілді таңдайсыз; 1-қазақ тілі,2 – орыс тілі

Қажетті тіл таңдалған соң программа сізгетариф жайлы баяндап береді

1 пәрменін бассаңыз программа сізді автоматты түрде Активті тарифіне қосады

Қалалық нөмірлерге шығыс байланыс, минутына – 15 теңге.

ҚР бойынша мобильді нөмірлерге SMS, 1 хабарлама – 12,33 теңге.

Халықаралық бағыттарға SMS, 1 хабаралма – 15 теңге.

activ/Kcell желісі ішінде MMS, 1 хабарлама – 7 теңге.

«Әрдайым байланыста» қызметі – 0 теңге.

Роуминг**** – қызметті пайдалану күнінде әрекет ететін және Абоненттің барған елі мен Абонент таңдаған операторға сәйкес Компания тарифтері бойынша.

activ/Kcell желісі ішінде шығыс байланыс, дауыстық және бейнеқоңыралура, минутына – 0 теңге.

ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланыс, минутына – 120 минут 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 7 теңге.

Мобильді интернет – 5ГБ 0 теңгеден 06:00-00:59:59 аралығында, 10ГБ 0 теңгеден 01:00-05:59:59, асырылған жағдайда – тәулік ішінде 1ші және 2шіМБ – 15 теңге/МБ, тәулік ішінде 3шіМБ бастап – 1 теңге/МБ (Астана қ. уақытымен тәулігіне).

activ/Kcell желісі ішінде SMS, хабарламаға – 1000 SMS 0 теңгеден, асырылған жағдайда – 7 теңге.

activ/Kcell желісі ішінде шығыс байланыс, дауыстық және бейнеқоңыралура, минутына – 7 теңге.

ҚР басқа ұялы операторларына шығыс байланыс, минутына – 7 теңге.

Мобильді интернет – тәулік ішінде 1ші және 2шіМБ – 15 теңге/МБ, тәулік ішінде 3шіМБ бастап – 1 теңге/МБ (Астана қ. уақытымен тәулігіне).

activ/Kcell желісі ішінде SMS, хабарламаға – 7 теңге.

Абоненттің «Жылдық интернет+» қосымша интернет-қызметін қосқан жағдайында алдымен әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. «Жылдық интернет+» қызметі бойынша да, Тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған жағдайда мобильді интернет қызмет бойынша трафик келесі жүктелгенше немесе тарифтік жоспар бойынша трафик жүктелгенше қай оқиғаның бұрын орын алуына байланысты «Жылдық интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес есептеледі

Егер абонентте «Мобильді интернет+» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик «Мобильді интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша «Мобильді интернет+» қызметімен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады.

Егер абонентте «Интернет+» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик «Мобильді интернет+» қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.

Егер абонентте «Лимитсіз интернет» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, «Лимитсіз интернет» қызметімен ескерілген трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылып, жұмсалады, Тарифтік жоспармен ескерілген трафикті «Лимитсіз интернет» қызметінің қосылған қалпында пайдалану мүмкін емес және оны «Лимитсіз интернет» қызметі өшірілген кезде ғана пайдалануға болады.

Егер абонентте «Жылдық интернет», «Жартыжылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» науқандық қызметтері қосылған болса, осы қызметтер бойынша абоненттік төлем қызметтердің қалыпты шарттарында алынып, қызметтермен ескерілген трафик қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша трафикті пайдалану мүмкін болмайды және оны «Жылдық интернет», »Жартыжылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қызметінің өшірілген жағдайында ғана пайдалануға болады.

Егер абонентте «Жеңіл интернет» қызметі қосылған болса, бұл ретте алдымен Тарифтік жоспармен ескерілген бонустық трафик жұмсалады. Тарифтік жоспармен ескерілген трафик жұмсалған жағдайда мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспармен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбаған жағдайда тарифеу «Жеңіл интернет» қызметі бойынша жүргізіледі.

Егер абонентте «Бонустық интернет» қызметі қосылған болса, қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылады, бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.

Іске қосылған «Интернет топтамалар», «Қызмет топтамалары» қызметтерінің және басқа да осы сияқты интернет-трафик немесе SMS әрекеті шектеулі шығыс дауыстық байланысты, мобильді интернетті және/немесе SMS пайдалану жөніндегі қызметтердің болған жағдайында алдымен осындай қызметтер бойынша әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады.

Егер абонентте «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі бойынша трафик беріліп, Астана қ. уақытымен 01:00-09:00 ;аралығында қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады, содан кейін абоненттік төлемнің алынған жағдайында Тарифтік жоспармен ескерліген трафикті пайдалануға болады.

Егер абонентте «Бейне сервис» қызметі қосылған болса, «Бейне Сервис» қызметі бойынша Бейне хостингтердің пайдаланылған жағдайында алдымен «Бейне сервис» қызметі бойынша трафик жұмсалады.

Абоненттің «Байланыс бар!» интернет-қызметін қосқан кезінде алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Тарифтік жоспар бойынша да, интернет-қызмет бойынша да трафик таусылған жағдайда мобильді интернет Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспар шарттарына сәйкес есептеледі.

Назар аударыңыз: егер интернет трафик қалдығы 4 МБ кем болса, бірінші ашықлған интернет скссия шеңберінде теңгерім резервацияланып, келесі интернет сессиялардың есептеулері негізгі шоттың негізгі теңгерімінен (ақша қаражатынан) алынады.

Осы үйлесімдік шарттарын Оператор өзгертіп, толықтыра алады.

Тарифтердің барлығы теңгемен, ҚҚС есебімен көрсетілген және Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

Шығыс қоңырауларды тарифтеу қадамы – 1 секунд.

Интернет қызметтерді тарифтеу қадамы – 1КБ.

Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспарлардың абоненттері сондай-ақ келесі тарифтер бойынша MMS қызметін іске қосқан жағдайда қосымша MMS портал қызметін пайдалана алады: ҚР басқа операторларының абоненттеріне бір MMS хабарлама жолдау құны — 15 теңге, халықаралық бағыттарға ММS жолдау – 1 хабарламаға 30 теңге.

* Абоненттік төлем абонент теңгерімінен тарифтік жоспарға қосылған сәтте толық көлемде алынады және содан кейін әр 30 күн сайын теңгерімде жеткілікті қаражат болған жағдайда Астана қ. уақыты бойынша сағат 00:00-02:00 аралығында алынады. Егер тарифтік жоспарға қосылған сәтте абонент теңгерімінде абоненттік төлемді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз болса, онда тарифтік жоспар қосылмайды. Егер абоненттік төлем сағат 00:00-02:00 аралығында теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты алынбаса, теңгерімді сағат 02:00 кейін жеткілікті сомаға толтырған сәтте абоненттік төлем толығымен алынып, тарифтік жоспармен ескерілген қызметтер абоненттік төлемнің келесі белгіленген алынуына дейін тарифтеудің ағымдағы кезеңінде пайдалану үшін тарифтік жоспардың шарттарына толық сәйкес келетін көлемде көрсетіледі. Абоненттік төлем әр 30 күн сайын алынады.

** Қызметтердің бонустық көлемі абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында беріледі. Минуттар, SMS, МБ орнатылған үйлесімдік шарттарына сәйкес абоненттік төлемнің келесі алынғанынша 30 күн бойы әрекет етеді. Интернет-трафиктің бонустық көлемі абоненттік төлем алынған жағдайда беріліп, аталған уақытта (Астана қ. уақытымен) әрекет етеді. Қызметтердің бонустық көлемі роумингте жарамсыз, тарифтік жоспарды өшірген кезде нөлденеді.

Бонустық трафикті *111*3#ОК USSD-комбинациясын теру арқылы тегін тексеруге болады. Абонент бонустық трафиктің жұмсалуын өз бетінше бақылап, оның берілуін тексереді. Компания абоненттің бонустық трафик трафигі таусылғандағы негізгі теңгерімінен жұмсалған шығындарды немесе бонустық трафик жүктелгенше жұмсалған қаражатын өтемейді.

Қосулы интернет-сессия барысында берілген бонустық интернет-трафик әрекет етпейді. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыдағы мобильді деректерді өшіріп, қайта қосу арқылы), интернетті трафик берілгеннен кейін пайдаланған жөн.

Тәуліктің сәйкес мерзімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик Астана қ. уақытымен сағат 01:00 бастап 06:00 дейінгі аралықта автоматты түрде жұмсалады.

**** Қызметті Қазақстан Республикасының аумағынан және Компанияның қамту аймағынан тыс жерде пайдалануға болады. Қажет болған жағдайда абонент Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET сөзін SMS жолдау арқылы өшіре алады. Қайта қосылу қажет болса, 3330 нөміріне DA сөзін SMS арқылы жолдау қажет. Қызметті ҚР аумағында – Компанияның қамту аймағында өшіріп, қайта қосуға болады.

Конференция қызметін Тарифтік жоспарларда пайдалану мүмкін емес.